Логопед кеңес береді - ата-ангаларға 15 кеңес


ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ БОЙЫНША НҰСҚАУШЫНЫҢ КЕҢЕСІ

 

Қысқы серуен көңілді болу үшін!

Серуен денсаулықты нығайту және шаршаудың алдын алатын сенімді құрал. Таза ауада жүру  қан айналымына жағымды ықпал етеді, тәбеттің ашылуына, тағамның , әсіресі ақуыздың қорытылуына әсер етіп қана қоймайды, сонымен бірге шынықтыру тиімділігін арттырады. Серуен –  балаларға қозғалыс ойындарында, еңбек процесінде, түрлі дене шынықтыру жаттығуларында өз қажеттіліктерін шығаратын  режим элементі.

Қысқы шынықтыру серуеннің басты элементі – қимыл-қозғалыс ойындары. Олар тек көңіл-күйді көтеріп қана қоймайды, денсаулықты нығайтады, суық тиюдің алдын алады, қозғалыс бұл жағдайда өте қажет!

Қыс мезгілі – өте көңілді кез! Балаларға арналған қармен ойындарды ұсынамыз, ол жан-жақты дамытып қана қоймайды, барынша көңіл-күй де сыйлайды. Қармен ойнау ойындарын ұйымдастыру үшін не қажет?

Табиғаттың бұл өлі нысанын балалардың толықтай түсінуі үшін  керекті жабдықтар: қар мен ойын материалдары (күректер, сыпырғылар. Арбалар, жүк көліктері, жануарлардың, құстардың баспа-бейнелері, формалар т.б.)

  

Балаларға арналған ойындар үлгісі

«Ұлпалар» ойыны балаларда қардың жеңілділігі туралы түсінік қалыптастыруға бағытталған. Баланы қардың осы қасиетімен тынстыру үшін ауа-райының жұмсақ кезін күту керек. Бұл басты талап, өйткені осындай ауа-райы кезінде ғана қарды өзгетуге болады. Ойын барысы: Үй жағдайында қар тез еритіндіктен, ойын далада өтуі керек. Баланың назарын қарға аударыңыз. Оны қолыңызға алып, түрлі іс-әрекет жасаңыз: қысыңыз, бөліктерге бөліңіз т.б. Осыдан соң балаларға да осылай жасатыңыз. Содан соң қардан қар ұлпаларының қалай жасалатынын көрсетіңіз. Балағ көңілді болу үшін қуыспақ ойнап, қаршықтарды лақтырып ойнатыңыз.

«Қардағы сурет» ойыны балаларда қардың жеңіл тығыздалатынын түсінуді қалыптастырады. Ойын үшін таяқтар, жануарлар мен құстардың баспа бейнелері қажет болады. Ойын барысы: Далаға шыққанда балалардың назарын қарда қалған адам іздері  мен жануарлар іздеріне аударыңыз. Содан кейін оларға қарда қолдарының, аяқтарының , баспа бейнелер мен таяқтың сызық іздерін салуға ұсыныс жасаңыз.  

 


3-4 жастағы балалардың психологиялық ерекшеліктері

 

3-4 жас -  бала өмірінің ең маңызды кезеңі. Нақты осы жасында баланың келешек тұлғалық негізі қаланып, адамгершілік-физикалық және ақыл-ойы қалыптасады. Басқа процестерді анықтайтын орталық функция бұл – ақыл-есі. 3жасқа дейін бала сыртқы әлемді қабылдау есебінен дамиды, яғни ол ортаға бағынады, оған тәуелді болады. Өмірінің төртінші жылы ақыл-есіне, өмірлік тәжірибесінің арқасында бала өзінің «МЕН-ін» біле бастайды. Бала тек өзін түсініп қана қоймай, қозғалыста , өзіне қызмет етуде өз-өзіне физикалық тұрғыда тәуелсіздікке ие болады.

 

«3 жастағы кризис» келесі белгілермен сипатталады:

  1. Негативизм – бұл ересектердің айтқанын тыңдамау немесе орындамау емес, керісінше ересектердің өтініштері мен талаптарына қарсы өз дегенін жасау. Бала «жоқ» сөзін жоққа шығарып, адами қатынастардың бай спектрін меңгереді.
  2. Қиқарлық – өз қалауы осыны жаса деп тұрғандықтан емес, ол осыны талап еткендіктен, бала өз дегенінде тұрады. Бұл жерде бала өз талабын орындата ала ма,соны тексергісі келетін сияқты боп көрінеді.
  3. «Қыңырлық» - «3 жастағы кризистің»- басты белгісі, ол балаға арналған мінез-құлық нормасына қарсы бағытталған. Бұл жерде 3 жасқа дейінгі қалыптасқан өмірдегі барлық жағдайға байланысты «қыңырлық бейне» бәрінен бұрын өзін қызықтырған ойыншыққа сай нормадан   көрінеді.
  4. Өз еркіндігі – бала бәрін өзі жасағысы келеді, ересектердің көмегінен бас тартады, бәріне мүмкіншілігі жетпей тұрса да , қол жеткізеді.
  5. Қарсылық-бунт – баланың барлық мінез-құлқы ол үнемі қоршаған ортада қайшылықты жағдайда болатындықтай белгіге ие болады. Ата-анасымен жиі келіспеушілік күнделікті құбылысқа айналады.
  6. Жақындар тұлғасын баланың бағаламауы – бөбек ата-анасын бұрын қолданбаған жаман сөздермен атайды. Оның лексиконында тек жағымсыз жақтарды көрсететін терминдер мен сөздер пайда бола бастайды, бұл жерде ешқандай   жағымсыз дүниелер болмаса да , осындай құбылыс пайда болады. 
  7. Деспоттық немесе қызғаншақтық – бұл көріністер әр отбасында әртүрлі кездеседі. Бір баласы бар отбасында баланың деспоттыққа ұмтылу жағдайы бар. Балада қоршаған ортаға деспоттық билік көрсету ынтасы пайда болады. Көп балалы отбасында бұл белгі қызғаншақтық деп аталады: басқа балаларға қызғаншақтық көзқарас белгісінде үстемшілдік, деспоттық, билік құру тенденциясы көрінеді.

 

                      «3 жастағы кризис»  

Бұл кез келген бала өмірінің күрделі, бірақ қалыпты кезеңі. Бала жаңа,  барынша ересектерге ұқсағысы келетін мінез-құлықты игереді, ата-аналар мұндай кезеңде өзін танығысы келетін кішкентай адамға түсіністікпен қарап, қамқорлық көрсетуі қажет. Бала өзін қалай ұстаса да оны жақсы көретіндігіне, ешқашан тастап кетпейтіндігіне сенімді болуы керек. Өзін танудың алғашқы күрделілігін түсінген баланың төзімділігін көре біліңіз. Бұған белгілі бір әзіл ретінде ақылдылықпен қарау қажет, сонда бала дербестік қарсылықтан да жоғары талапты қажет ететіндігін тез түсінеді.

 

                 ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ БЕРЕГОВАЯ А.В.


ӨЗ БАЛАЛАРЫНДА САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА АТА –АНАЛАРҒА  АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА

 

  • ЖАҢА КҮНДІ КҮЛІМСІРЕУ МЕН ТАҢҒЫ ЖАТТЫҒУДАН БАСТАҢЫЗ;
  • КҮН РЕЖИМІН САҚТАҢЫЗ;
  • ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: ЖАҚСЫ КІТАП ОҚУ МАҚСАТСЫЗ ТЕЛЕДИДАР КӨРГЕННЕН ӘЛДЕҚАЙДА АРТЫҚ;
  • БАЛАҢЫЗДЫ ЖАҚСЫ КӨРІҢІЗ: ОЛ – СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗ;
  • ОТБАСЫ МҮШЕЛЕРІН СЫЙЛАҢЫЗ, ОЛАР-СІЗДІҢ ӨМІРІҢІЗДЕГІ СЕРІКТЕРІҢІЗ;
  • БАЛАНЫ КҮНІНЕ РЕТ ҚҰШАҚТАҢЫЗ, ДҰРЫСЫ 8 РЕТ;
  • ӨЗІҢІЗГЕ ДҰРЫС КӨЗҚАРАС – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ӨМІР НЕГІЗІ;
  • ЖАМАН БАЛА БОЛМАЙДЫ, ЖАМАН ҚЫЛЫҚТАРЫ БОЛАДЫ;
  • СӨС БОЙЫНША ҮЛГІ БЕРУ – КЕЗ КЕЛГЕН АҚЫЛДАН АРТЫҚ;
  • ТАБИҒИ ФАКТОРЛАРДЫ ҚОЛДАНЫҢЫЗ: ШЫНЫҒУ БҰЛ КҮН,АУА, СУ;
  • ЕСТЕ ҰСТАҢЫЗ: ТАБИҒИ ТАҒАМ ДЕНСАУЛЫҚ ҮШІН ПАЙДАЛЫ;
  • ДЕМАЛЫСТЫҢ ЕҢ ӘДЕМІ ТҮРІ: ТАЗА АУАДА ОТБАСЫМЕН СЕРУЕНДЕУ, БАЛА ҮШІН ЕҢ ЖАҚСЫ ДЕМАЛЫС – АТА-АНАСЫМЕН БІРГЕ ОЙНАУ.

 


МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБЫЛЕТТІ ДАМЫТУ

 

Табиғат адамға көп нәрсе берді. Оларға қоршаған ортаны көру, сезу, тыңдау қасиетін дарытты. Айналадағы дыбыстық бояулардың алуан түрлілігін түсіне білетін мүмкіндік жасады.

Өз дауысынан, құстар мен жануарлардың дыбыстарынан, орманның құпия сыбдырынан, жапырақтар мен желдің уілінен адамдар дыбыстардың интонациясын, ұзақтығын, жоғарылығын ажырата алатын болды.Тыңдау қажеттілігінен адамға табиғат берген қажеттілік- музыка туындады.

Глинка, Чайка, Бетховен, Моцарт....Атақты, әркімге таныс есімдер. Олардың атақты болу жолын кім таңдады? Музыкант-композиторлар құрметін кім алып берді? Табиғат па? Ата-аналары ма? Педгогтар ма?

Мүмкін кәсіби қасиеттер қанмен берілетін шығар?! Мүмкін ғалымның баласы ғалым, жазушының баласы жазушы болатын шығар?!

Көбінесе мынандай сөздерді жиі естиміз: «Менің балам әкесіне тартқан , тіпті музыкаға еш қабылеті жоқ». Ұлымыз бен қыздарымызда қабылеттіліктің жоқтығы кеңінен белгілі формулаға саяды. Алайда, өмірде бәрі басқаша. Егер шығу тегі қабылеттіліктің анықтаушы факторы болатын болса, онда балалар ұрпақтан ұрпаққа әке жолын таңдаушы еді. Бірақ, өмірде ғалымның баласы скрипкашы, ал дәрігердің баласы жазушы болуы әбден мүмкін жағдай. Егер музыканттың баласы әке жолын жалғастырса, оның себебі өскен ортасы, яғни ол туған күнінен бастап музыкалық ортада тәрбиеленгендігі, сиқырлы әуенді естіп өскендігіген болады.

Педагогтар мен музыканттар музызкалық қабылеттілік әркімде болады деп шешті. Ғалым-музыканттардың айтуы бойынша «дамымайтын қабылеттілік» ұғымы музыка проблемасын зерттеу саласында  мүлде қисынға сай келмейді.

 

                                           «№5 балабақша» КМҚК музыка жетекшісі

                                             Шевцова Полина Геннадьевна

 


Орыс тілін үйде оқуда қолданылатын ойындар мен ойын жаттығулары

Ата-аналарға кеңес

 

Орыс тілі оқытушысы

 Куватова К.Ж.

 

Балның дұрыс дамуы мен оның ары қарай мектепте табысты оқуының бірден бір жолы-мектепке дейінгі жаста  тілін дамытуды қалыптастыру болып табылады. Кез келген кемшілік, тіпті ол шамалы болсын бала мінез-құлқына , оның іс-әрекетіне әсер етеді. Орыс тілін жан -жақты оқыту үшін дұрыс сөйлеу, грамматиканы, сөз байланыстарын дұрыс қолдану міндетті түрде қажет. Табысқа жету үшін балабақша мен отбасы арасындағы өзара қатынас маңызды.

Осы жағдайда ғана  практикада  орыс тілін оқытуда жетістікке жетуге болады: балабақшадағы сабақтар, режимдік сәттер, серуендер, үйге барар жолдағы әңгімелер, демалыс күндеріндегі іс-әрекеттер, осының бәрі тілді меңгеруге септігін тигізеді.

Отбасында бала үшін балабақшада алған білімін бекітуге жағымды жағдай ткғызу қажет. Мектепке дейінгі жаста бала іс-әрекетінің  негізі ойын болғандықта, үй жағдайында да баламен ойын джаттығуларын бірге орындаған дұрыс. Әр отбасында даладағы ойын, ас үйдегі ойын т.б. тұратын «Үй игротекасы» болуы қажет.  

 

 

 

Сіздің балаңыз орыс тілін үйрену үшін қандай көмек керек?

 

Орыс тілі оқытушысы

 Куватова К.Ж.

 

Көптеген ата-аналар өз мысалдарынан орыс тілін бастауыш сыныптан оқытудың кеш екенін түсінді. Оқулықтардың біртектілігіғ оын элементтерінің жоқтығы, баламен жеке тәсілдегі жұмыстың жоқтығы орыс тілін үйренуге қызығушылықты азайтады. Осындай жағдайлардың болмауы үшін тілді оқыту балабақшадан басталуы қажет.

Бұл жаста тілге үйрету практикалық сабақтар барысында ойын түрінде өткізіледі. Мұндай сабақтар балада қызығушылық тудырады, оның орыс тілін үйренуіне жол ашады.

Бұл қызығушылықты тек орыс тілі сабақтарында ғана емес, үйде өтілген материалды қайталау, бекіту кезінде қолдану керек. Ол үшін сабаққа арнайы орын, қажетті заттар болу керек: қағаз, қарындаштар, ойыншықтар, суреттер, ойындар. Ата-аналар баланың сабаққа құлқы болған кезін, және өздерінің де уақыттарының болу кезін таңдаулары қажет.  Сабақпен үнемі шұғылданып отыру керек, тіпті оған баланың достарын да тартуға болады. Бірге серуендеуді ұйымдастырып, балада орыс тілін бекітуге  тұрмыстық жағдаятты қолдануға болады.  Орыс тілін балаға меңгерту ата-ананың оны қаншалықты оқытуға құштарлығы болуына байланысты. Ата-ана қажетті екеі талаптарды сақтауды ұмытпауы керек: сабақ жағымды  тыныш жағдайда және ойын түрінде өтуі тиіс. Оқу материалын бекіту үшін арнайы дәптерде орыс тілі сабағында өткен тақырып бойынша суреттер салу ұсынылуы керек. Лексиканы бекіту үшін үйде балаға ойын барысында қазақ тіліндегі атауларды орыс тілінде айтуға лото түріндегі ойындар ұйымдастыруға болады.Орыс тіліндегі тақпақтар мен әндерді бекітуге аудтиожазбалар қолданылуы керек. Сабақ барысында ата-аналар баланы қолдап, түрлі мақтаулар айтып отыруы орынды. Сонымен, ата-аналардың балаға көмектесу ынтасы болса, олар міндетті түрде жетістікке жетеді.

 


Қазіргі уақытта қазақ тілін білу қарым-қатынаста өзін еркін ұстауға  мүмкіндік береді. Балалар үшін қазақ тілін үйренудегі қызығушылық сабақтың қызықты өтуі болып табылады. Көптеген ата-аналар қазақ тілін үйрену үшін өз балаларын көмектескісі келеді, бірақ қалай көмектесу керектігін білмейді.Қазақ тілін үйренуді қашан бастау керек?  Тілді үйрену мектепке дейінгі жастан басталуы керек. Бұл жаста бала тілді тез қабылдайды, ересектерден  жеңіл көшірме жасап, қателесуден қорықпайды. Баланың тілді үйренуге ынтасы болмаса не істеу керек? Әуелі баламен мейірімді түрде  сөйлесіп, оның тіл үйренуге ынтасының жоқтығының себебін анықтау қажет. Егер балада тіл үйренуше қызығушылқ олмаса оны түрлі үйретуші мультфильдермен, компьютерлік бағдарламалар, қазақ тілін үйрететін түрлі сайттардың көмегімен тарутға болады. Егер баламен қазақ тілін үйрену қиыншгылық тудырса, міндетті түрде қазақ тілі оқытушысымен сөйлесеңіз. Мұғалім сізге жаңа сөздерді қалай жаттауға, үй тапсырмасын қалай орындау жолдарын көрсетеді. Баламен сөздерді қалай үйренуге болады?  Міне, бірнеше кеңестер. Карточкалар-қарапайым және тиімді. Түрлі-түсті бірдей парақтар,болмаса /қолданылған ескі дәптер беттерін/ бірнеше карпточкаларға бөліңіз. Бір жағына қазақша сөздер, екінші жағына соның суреттін салыңыз. Карточкаларды баламен бірге жасаңыз, оны арнайы конверттердіе сақтаңыз. Конверттерді тақырып бойынша жазыңыз, мысалы, «түстер», «жануарлар» т.б. Осы карточкаларды өзіңізбен бірге көлікке алып жүріңіз, әрқашан баламен уақытыңыз бос болғанда ойнап жүріңіз. Бір ждыл ішінде қаншама сөз үйрете аласыз, мысалы, муызкалық мектепке барып-келер жолда. Сөздерді үйренудің тағы бір жолы-бала бөлмесіндегі заттарды із қалдырмайтын стикерлермен жазып қою. Столды, шаамды, қабырғаны, керуетті, допты, пианиноны жазып қоюға болады, тек идея сізден! Маңыздысы- баланың тіл үйренуге ынтасын жоғалтып алмау. Шыдамдылық танытып, балаңыздың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, түрлі материалдар қолданыңыз. Бірнеше жылдар өткенде балаңыздың жетістігін көріп қуанасыз!

 

АТА-АНАЛАР, СІЗДЕР ҮШІН

3 жастан бастап педагогтың көмегімен  қазақ тілін үйрену – баланың саналы жасында тілдік кедергіні жеңуіне ықпал етеді. Қазақ тлін ойын түрінде үйрету балаға жаңа сөздерді жеңіл әрі қиындықсыз есте сақтауға сақтауға ықпал етеді. Біздің сабақтарымыз қызықты және алуан түрлі. Қазақ тілін үйрену бағдарламасына енетіндер:

  • Сөздік қорларын кеңейту;
  • Видеоматериалдар қарау;
  • Қазақ тіліндегі әндер, сергіту сәттерін тыңдау;
  • Тақпақтар жаттау;
  • Диалог құрастыру;
  • Өткен материалдарды жеңіл меңгеру үшін үнемі қайталау;

Қазақ тілін үйрету процесі бала мүмкіншіліген қарай құрастырылады. Қарым-қатынас бала оның тікелей қатысушы болған жағдайда жүреді.

 


Логопед кеңес береді  - ата-аналарға 15 кеңес

 

1 КЕҢЕС  – Тіл дамуға емізіктен ерте бас тарту ықпал етеді. Емізік баланың бір жасында зиян емес. Егер осы мерзімнен кейін оны беруді жалғастырсағ тістері мен тіл ауызда дұрыс қалыпта болмайды, қуыс пайда болып, тіс дұрыс қалыптаспайды. Сөйлеуде де кемшілік болады. 

2 КЕҢЕС тілдің дамуы қатты тамақ жеуге ауысуды тездетеді (жақ пен тілдің дұрыс қалыптасуы үшін).

3 КЕҢЕС Кез келген жағдаятты дыбыстау керек. звучивайте любую ситуацию. Туғаннан бастап бөбек қоршаған орта дыбысы мен адамдардың (әсіресе анасының) сөзін қабылдай алады. Егер сіз табиғатыңыздан аз сөйлейтін болсаңыз да баламен сөйлесу қажет.Сөйлемеудің жеткіліксіздігі бала тіл дамуын кешеуілдетеді. Балаға оның айналасында болып жатқандарды түсіндірсе, ол өзіне қарата айтылған сөздерді түсінеді. Сондықтан, өз іс-әрекетіңізді сөзбен жеткізіп отырыңыз.

4 КЕҢЕС Баланың сөйлеймін деп талпынғаның қолдаңыз.  Бала үшін сұрап, жауап беріп,  өте белсенді ересектер кездеседі-бұл дұрыс емес. Баланың өзі сөйлеуіне,оны қызығушылықпен тыңдауға жол беріңіз.

5 КЕҢЕС Айдалаға қарап сөйлемеңіз, баланың көзіне қарап сөйлеңіз, бұл әсіресе сіздің балаңыз қатты  белсенді, үнемі қозғалыста болса өте маңызды.

6 КЕҢЕС  Еркелетіп сөйлемеңіз! Бала айналасынан не естиді, сол ол үшін сөйлеу нормасы  болып табылады. Мысалы, «какой ты у меня хоЛЁшенький» деп үнемі айтылса, бала да солай сөйлеуге үйренеді. Бұлай сөйлеу баланың тілі мен психикалық дамуын тежейді.

7 КЕҢЕС  Егер айналасындағы адамдар тез сөйлейтін болса, баланың сөзі анық емес болып қалаптаксуы мүмкін. Бала сөзді немесе сөз тіркестерін толықтай естіп үлгірмейді. Ересектердің сөзі қабылдауға қиын дыбыстар легіне айналып кетеді. Әуелі сөзді түсінбеушілік қалыптасады – бала өзінен не талап етілетіндігін білмейді. Соның салдарынан қалай болса сөйлеу орын алады. Кекештік пайда болуы мүмкін, өйткені бала ересектерге еліктеп солардың сөйлеу екпінін  қайталағысы келеді. Сондықтан, асықпай, нақты сөйлеңіз.    

8 КЕҢЕС  Бір сөзді, сөз тіркесін көп қайталаңыз (сөз ретін ауыстырып).  Бала жаңа сөзді меңгеруі үшін, оны бірнеше рет қолданыңыз және түрлі мәтінде.

9 КЕҢЕС Тіл дамытуға ертегілерді эмоционалды түрде айтып беру, міндетті түрде қимылмен көрсету ықпал етеді  (қоян қалай секіреді, түлкі қалай ақырындап жылжиды, кірпі қалай дыбыстайд т.б.).

10 КЕҢЕС  Жалпы және  саусақ моторикасының дамуына көңіл бөліңіз (сөйлеу орталығы мен қол қимылы ми бөлігіне жақын орналасқан. Қол жұмыс істесе- мидағы қозғалыс сөйлеу орталығын қозғайды, оның жұмысын жандандырады); доппен ойнау барлық иық айналасының жұмыс жасауына ықпал етеді.

11 КЕҢЕС Сурет салу (есіктегі тұсқағаз орамасы) екі жарты шардың жұмысын жандандырады. Сурет сала отырып, оны сөзбен айтып отыру, мысалы «біз жаңбырды саламыз. Кап-кап-кап» т.б.

12 КЕҢЕС Баланың физикалық және психикалық денсаулығын сақтаңыз.. Жиі ауыратын және тұрақсыз психикадағы балалардың сөйлеуінде кемшілік көбірек кездеседі. Баланы шынықтыру мен отбасындағы жағымды атмосфера өте маңызды. Баланың көзінше бір-бірімен ұрсысу, қорқынышты фильмдерді қарауды мүлде аластау қажет.

13 КЕҢЕС  Баланың сөйлеу жетістігін тіркейтін күнделік жүргізіңіз, ол қанша сөз айтады, түсінеді соларды жазып отырыңыз.

14 КЕҢЕС Шыдамды, төзімді және... абай болыңыз. Егер бала дыбыстарды дұрыс айтпаса күлмеңіз, дұрыс айтылмағанды қайталамаңыз. Баланың дұрыс айтылуын тыңдауға,  оны қайталауға ықпал етіңіз.

15 КЕҢЕС – ТЕК СІЗ!
Есте сақтаңыз: тек сіз ғана  баланың лайықты дамуына көмектесе аласыз. Оның жетістіктеріне белсенді түрде қуаныңыз, өз балаңызды жиі  мақтаңыз.

 

 


 

 ІЗШІЛДЕР

Қыста балалармен қардағы іздерді көруге болады. Міне , трактор өтті, ит жүгірген, мұнда құс секірген... Ал, мына із кімдікі- кішкентай, айшық-ұйшық? Сенікі ме?

 

ТҮРЛІ ЖОЛДАР

Егер Сіз қарлы ешкім тиіспеген алаң тапсаңыз, оған түрлі іздер салуға болады: біреу шаңғымен өткендей, айшықты іздер, шырша ізін.

 

ФАНТАЗИЯ СІЗДІКІ!

Баламен құстарға арналған жемсалғыш жасаңыз – бұл таным ойыны, әрі жануарлаға пайдалы. Ол үшін сізге шырынның, сүттің пакеті, пластик бөтекелер, жаңажылдық сыйлықтар қораптары. Үлкен екі терезе (қырама-қарсы) ұқыптап кесіңіз. Сосын әдемі лента байлаңыз, оған жемсалғыш ілінеді. Содан соң бірге оны ағашқа іліңіз. Әр серуенге шыққан сайын өзіңізбен шамалап жем алып шығыңыз.

 

БАЛА МАШИНАСЫНА АРНАЛҒАН ГАРАЖ

Биік омбы қарды табамыз, оны үңгиміз, машина сыю үшін күрекпен ұқыпты түрде қабырғаларын, төбесін қар түсіп кетпеу үшін тегістейміз. Гараж дайын. Егер тоқтамай қаза берсек, нағыз туннель жасауға болады!

 

 

 


ҚЫСҚЫ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ

 

Ғимарат астында тұрма.

Қар мен мұздықтар құлауы мүмкін.

 

Қармен ойнағанда басқаларға кедергі келтірме, жарақат салма.

 

Қар мен мұздықтарды, темір заттарды жалама.

 

Сырғанақтан тұрып сырғанама, сырғанап түскесін, шетке шық.

 

Жол бөлігінде ойнап, сырғанама.

 

Қарға отырма, жатпа, суық тиеді.

 

Ауа-райына байланысты киін, егер су болсаң киімің мен аяқ қиіміңді ауыстыр. Ауырып қаласың. Орманғға, бөтен жерге серуенге шықсаң ересектерден қалма, адасасың.

 

 

 


Сіздің үйіңіздегі музыка аспаптары

 

Заманауи ойыншық шығарушылар тауардың түр-түрін ұсынады. Бұл-жұмсақ ойыншықтар, түрлі қуыршақтар, құрастырғыштар, оның ішінде балалардың музыкалық аспаптары. Алайда, осындай көп таңдаудың ішнен  балаға қажетті ойыншықты тауып, оның музыкалық қабылетін дамытамын деу  қате болуы мүмкін.Тіпті табиғаттың сіздің балыңызға берген қабылетті жоғалтып алуыңыз да мүмкін. Егер балаңызға музыкалық ойыншық сатыпалатын болсаңыз, оның қалай дыбысталатынына көңіл бөліңіз. Оның тембрі таза, әуен ритмикалы интонациялық дұрыс болуы керек. Балалар музыкалық ойыншығы бала жасына сай болуы керек. Үй жағдайындағы музыкаға  шулы, ұрма ойыншықтар, сылдармақ, бубен, муызкалық балғалар, қасықтар т.б. сай келеді. Таныс әуенндерді олардың көмегімен орындау қолжетімді әрі балаларға ұнайды. Дайын музыкалық ойыншықтармен қатар үйде шу аспаптарын балалармен бірге жасауға  болады. Бұл түрлі ұнтақтармен толтырылған қаңылтыр банкалар /мысалы кофенің ыдысы/,қатты целофан болуы мүмкін. Әрине, кез келген зат аспап болкы әбден мүмкін. Тек Сіздің фантазияңыз болса болды. 

 

Құрметпен «№5 балабақша» музыка жетекшісі Шевцова П.Г.

 

 


БАЛАЛАРДЫ ШЫНЫҚТЫРУ

 

Барлық ата-ана балаларды шынықтырудың  пайдалы әрі қажет екендігін біледі. Шыныққан бала аз ауырады, иммунитеті қалыптасады. Бірақ, шынықтыруды қай жастан,  жыл мезгілінің қай уақытында бастау керек? Әдетте балаларды суық тиюден шынықтырады, бірақ жедел респиратрлық аурулар ОРЗ) – вирус арқылы болады. Онда қандай мән бар?

 

 

Біз суық тию ауа-райының суықтығына, балалардың аз серуендеуіне, көп уақыттарын бөлмелерде өткізетіндіктен вирусты тез қабылдайтындығы  деп түсінеміз. Бұдан басқа ОРЗ басталауында (мұрын бітелуі мен жөтелге дейін) ауру қалтырайды, жылына алмайды. Сондықтан «тоңу» - суық тию  (шынықпаған үшін)- ОРЗ ассоциациясын туындатады. Шынықпаған баланың тоңуы шындығында вирустық инфекцияның туындауына себеп болады. Бөбектердің қызу реттелуі әлі жетлмегендіктен олар ересектерге қарағанда тез тоңады.     Баланың бір жасында кейбір вирустарға аналық қорғаныш болады, бірақ олар біртіндеп жоғалады дабалалар вирустық ОРЗ ауруымен жиі, жылына 6-8 рет ауруы мүмкін. Бұл алдымен қоршаған ортамен байланыстың қөп болуы, ол ортада вирус қөптеп кездеседі. Жас ұлғайған сайын ОРЗ-мен ауыру азайады, өйткені түрлі вирустарға антиденелер ,қорғаныш көбейеді.  Сондықтан, балаларды шынықтыру қажет. 

Спортинструктор: Бызгу А.С.