Мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне сәйкес (Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэрокосмостық өнеркәсібі Министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығы) Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы Рудный қаласы білім бөлімінің «№5 бөбекжайы» КМҚК мемлекеттік мекемесі қызмет көрсетудің 2 түрін көрсетеді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саны 105 құрайды: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымына құжаттар қабылдау және балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуі - 103; «Модератор біліктілік категориясын алуға (растау) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау»үшін мемлекеттік қызмет көрсету - 2.