Мемлекеттік қызмет көрсету Реестріне сәйкес (Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновация және аэрокосмостық өнеркәсібі Министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығы) Қостанай облысы әкімдігінің білім Басқармасы Рудный қаласы білім бөлімінің «№5 бөбекжайы» КМҚК мемлекеттік мекемесі қызмет көрсетудің 2 түрін көрсетеді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету 105санын құрайды: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымына құжаттар қабылдау және балаларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетуі - 103; «Модератор біліктілік категориясын алуға (растау) аттестаттаудан өту үшін құжаттарды қабылдау»үшін мемлекеттік қызмет көрсету - 2.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің барынша талап етілетін түрі: «Мектепке дейінгі білім беру ұйымына құжаттар қабылдау және балаларды тіркеу»
Қызмет алушылармен жұмыс: Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпарат балабақшаның sad5-rud-edu.kz/ru/ сайтында жарияланады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін анықтайтын заңды нормативтік құқықтық актілерге енгізілетін шекті өзгертулер балабақшаның рекреациясында орналасқан.
Құқықбұзушылыққа әкеп соқтыратын фактілерді анықтау мақсатындағы талаптар бойынша балабақшада 4-89-49 «сенім телефоны»ұйымдастырылып, жұмыс істейді.
Сондай-ақ бейнебақылау камералары да жұмыс істеп тұр. Басшымен жеке қабылдаулар жүргізіледі. Меңгеруші өткізетін кеңестерде жұмыскерлермен тұрақты түрде мемлекеттік қызмет көрсету туралы түсінік жұмыстары жүргізіліп отырады, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері туралы айтылады.
- Қызмет алушылардың шағымдары туралы ақпарат жоқ.
- Балабақшада жүргізілетін барлық мемлекеттік қызмет көрсетулер мемлекеттік қызмет көрсету ережелеріне сәйкес жүргізіледі.